Азия чемпионаты: Палуан қыздар Қазақстан қоржынына 5 медаль салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мьянмада еркін күрес, грек-рим, әйелдер күресінен жастар арасында Азия чемпионаты жалғасуда.

Азия чемпионаты: Палуан қыздар Қазақстан қоржынына 5 медаль салды

Бұл туралы Спорт.кз хабарлады.

Жарыстың үшінші күні кілемге нәзік жандылар шықты. Марина Седнева (55 келі) және Жәмилә Бақбергенова (67 келі) күміс медальдерді иеленсе, Светлана Анкичева (44 келі), Марина Зуева (51 келі) және Гүлмарал (75 келі) «қола» ұтты.