Азия чемпионатына баратын балуандар белгілі болды
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - 16 ақпан күні Кореяның Гуам қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады.
Аламан ұлттық спорт порталының мәліметінше, бүгін бапкерлер кеңесі құрлықтық сында Қазақстан намысын қорғайтын балуандардың есімін жариялады.
Еркін күрестен Ұлттық құраманың бас бапкері Алтай Танабаевтың таңдауы төмендегідей:
55 келі - Руслан Сексенбаев,
60 келі - Фуад Мусаев,
66 келі - Мақсат Дауылбаев,
74 келі - Абдулхәкім Шапиев,
84 келі - Қанат Бердыев,
96 келі - Жұмағали Мамутов,
120 келі - Ержан Дуйсенбеков
Саржан Жаксыбеков тізгінін ұстаған әйелдер құрамасы:
48 келі - Элеонора Әбутәліпова,
51 келі - Жұлдыз Әшімова,
55 келі - Айым Әбділдина,
59 келі - Айжан Смағұлова,
63 келі - Елена Шалыгина,
67 келі - Татьяна Захарова,
72 келі - Гүзел Манюрова.
Мұратбек Қасымхановтың кілемге шығаратын грек-рим күресінің шеберлері:
55 келі - Жангелді Азкенов,
60 келі - Ербол Қоңыратов,
66 келі - Елдар Қайратов,
74 келі - Асет Әділов,
84 келі - Мақсат Ережепов,
96 келі - Марғұлан Әсембеков,
120 келі - Абдумәлік Сартбаев.
Аталмыш Азия чемпионаты Астанада өтетін Азия лицензиялық турниріне қатысушы еліміздің балуандарын анықтайтын жарыстардың бірі.