Азия чемпионатында алты боксшымыз алтын олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта аяқталған бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақтың алты боксшысы алтын алды.

 Азия чемпионатында алты  боксшымыз алтын олжалады

Қазақстан екінші рет қатарынан құрлық чемпионатының жалпы есебінде топ жарып отыр.

Финалдық кездесулерде Сұлтан Заурбек (56 кг)  кореялық Ан Вунг Икті, 60 келіде Абылайхан Жүсіпов сириялық Ахмад Госсоунды, Аян Қалибеков (64 кг) өзбек Махмуд Гаиповты, Вадим Казаков (81 кг) өзбек Ойбек Мамазулуновты, Темірлан Кабиев те (91 кг) өзбекстандық Асылбек Солиевті жеңді.

Елдос Кадырбаев (+ 91 кг) сириялық Тони Атталахты алтыннан айырды.

Ал Ертуған Зейнулинов (49 кг), Иван Ковалев (52 кг),  Илья Очкин (69 кг) қола медаль алды, деп хабарлайды «Аламан».