Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын дзюдошылар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАҚпарат -  Қырғызстанда өтетін дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшыларымыз белгілі болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын дзюдошылар белгілі болды

Бұл туралы Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сарықұрлық» додасы шілденің 13-16 аралығында Бішкек қаласында өтеді. Ерлер арасында - 10, қыздар арасында 10 татами шебері ел намысын қорғамақ.

Ұлдар:

50 келі - Ерлан Оңалов (БҚО)

50 келі - Шерзод Давлатов (ОҚО)

55 келі - Ермек Амангелді (Ақтөбе обл)

60 келі - Нұрзат Сәлімбаев (Жамбыл обл)

66 келі - Ислам Тоқтасын (Алматы обл)

66 келі - Дастан Шаяхметов (ШҚО)

73 келі - Нұрбек Ортай (Жамбыл обл)

81 келі - Серікболсын Шыңтас (Атырау обл)

90 келі - Бекарыс Сәдуақас (Алматы обл)

+90 келі - Нұрлыхан Шархан (Қызылорда обл)

Қыздар:

40 келі - Айым Жұмағалиева (Қарағанды обл)

40 келі - Сара Құлым (ОҚО)

44 келі - Бибіхан Нәбиева (Қызылорда обл)

48 келі - Ақжол Қайыпхан (Алматы)

52 келі - Меруерт Сәрсенова (Алматы обл)

52 келі - Рауза Нұрмухамметова (Жамбыл обл)

57 келі - Ханифа Тугушева (Алматы обл)

63 келі - Соера Мырзахметова (Алматы)

70 келі - Арайлым Оразбай (Қызылорда обл)

+70 келі - Мадина Парагульгова (Алматы)