Азия чемпионатында қазақстандық баскетболшылар Куәйт құрамасынан басым түсті

 АЛМАТЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан Қытайда  өтіп жатқан  Азия  чемпионатында қазақстандық баскетболшылар бүгін    Куәйт  құрамасынан басым түсті,  

Азия чемпионатында қазақстандық баскетболшылар Куәйт   құрамасынан басым түсті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тяньджин қаласындағы бұл байрақты бәсекеге қатысып жатқан командалар кеше бір күндік үзіліс жасаған еді. Бүгін  бірінші болып алаңға шыққан қазақстандық баскетболшылар куәйттік құрдастарынан 76:57 есебімен басым түсті. Қазір Жапония мен БАӘ командалары күш сынасуда. Виталий Стребков жаттықтыратын Қазақстан құрамасының ертеңгі қарсыласы бүгін кешке мәлім болады.