Азия чемпионатында қазақстандық баскетболшылар жапондықтардан басым түсті

АЛМАТЫ. Тамыздың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан Қытайда  өтіп жатқан  Азия  чемпионатында қазақстандық баскетболшылар бүгін    Жапония  құрамасын ұтты,

Азия чемпионатында қазақстандық баскетболшылар жапондықтардан  басым түсті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше  76:57 есебімен Кувейт құрамасын  жеңген Виталий Стребковтың шәкірттері  бүгін кезекті жеңісін тойлады. Олар бұл жолы 77:73 есебімен жапондық баскетболшылардан басым түсті. Жапония спортшылары  кеше 86:59 есебімен БАӘ командасын жеңген болатын.

Тамыздың 6-сы жалауын көтерген құрлық біріншілігінде ел құрамасы 8 кездесу өткізіп,  оның төртеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде қарсыластарына есе жіберді. Алғашқы екі ойында  Катар (62:77) мен  Қытай (56:74) баскетболшыларынан есе жіберген олар үшінші кездесуде үндістандықтарды (74:72) жеңді. Одан кейін жеңіліс (Иорданиядан 80:98) пен жеңіс ( БАӘ-нен 84:56)  қайталанып,  тамыздың 12-сінде Ливанға (56:105) ойсырай ұтылған В. Стребковтың тәлімгерлері Кувейт пен Жапония құрамасымен болған  ойындарда қарсыластарынан басым түсті.