Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Амман қаласында (Иордания) бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

Жеребе барысында қазақстандық боксшылардың кімдермен рингке шығатыны анықталды.

48 кг. Санжар Тәшкенбай — Асилбек Джалилов (Өзбекстан).

51 кг. Сәкен Бибосынов — Нұржігіт Дүйшебаев (Қырғызстан) / Спарш Кумар (Үндістан).

54 кг. Махмуд Сабырхан — Фануват Чоожанат (Таиланд) / Дорьныамбуу Ганболд (Монғолия).

57 кг. Серік Теміржанов — Турки Абукузаилах (Кувейт) / Ихлаз Гылычжанов (Түркменстан).

60 кг. Саматәлі Төлтаев — Мирзохид Имамназаров (Қырғызстан) / Шукур Овезов (Түркменстан).

63,5 кг. Санатәлі Төлтаев — Сунсукэ Китамото (Жапония) / Руслан Абдуллаев (Өзбекстан).

67 кг. Дулат Бекбауов — Сапармурат Одаев (Түркменстан).

71 кг. Асланбек Шымбергенов — Маржон Пианьяр (Филиппин).

75 кг. Нұрқанат Райыс — Сағын Сатыбалды уулу (Қырғызстан) — Кан Чиа Вей (Тайвань).

80 кг. Нұрбек Оралбай — Анвар Насрединов (Камбоджа) / Джонгджо Веерапон (Таиланд).

86 кг. Сағындық Тоғамбай — Навруз Джафоев (Тәжікстан).


92 кг. Айбек Оралбай — Навеен Кумар (Үндістан).

+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев — Моханнад Вишан (Палестина) / До Хьен Ким (Оңтүстік Корея).

Аммандағы Азия біріншілігі 31 қазан – 13 қараша аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бас бапкер Қайрат Сәтжановтың бокстан Азия чемпионатында кеткен есені қайтарғысы келетіні туралы айтқанын жазған болатынбыз.



Фото: sports.kz