Азия чемпионатында қазақстандық волейболшы жігіттер индонезиялықтардан 3:0 есебімен басым түсті

АЛМАТЫ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Джинджанг қаласында өтіп жатқан клубтық Азия чемпионатында ел намысын қорғап жатқан "Алматы" волейбол клубының жігіттері бүгін кезекті жеңісіне қол жеткізді,

Азия чемпионатында қазақстандық волейболшы жігіттер  индонезиялықтардан 3:0 есебімен басым түсті

деп хабрлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық лига командалары арасында XVIII Қазақстан чемпионатының жеңімпазы алматылық волейболшылардың бұл үшінші ойыны. Олар маусымының 5-і күні алғашқы ойында жапондықтардан 0:3 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Жексенбі күні вьетнамдықтардан 3:1 есебімен басым түсті. Кеше бір күн тынығып, бүгін жарысты қайта жалғастырған олар үшінші кездесуде индонезиялықтарды 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Келесі ойын ертең Қытай волейболшылармен өтеді. Аспан асты елінің спортшылары бұған дейін алғашқы ойында Индонезия волейболшыларын 3:0 есебімен тізе бүктірген болатын.