14:18, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Азия чемпионатында қазақстандық волейболшылар жеңіліссіз келеді
АЛМАТЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Тайландтың Нахон Патом қаласында әйелдер арасында өтіп жатқан клубтық Азия чемпионатында қазақстандықтар алғашқы үш кездесуін сәтті өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рустам Мәсімов жаттықтыратын Талдықорғанның «Жетісу» клубы алғашқы ойында Индонезия (Петрокимиа Гресик) волейболшыларын 3:0 (25:19, 25:12, 25:16) есебімен ұтқан еді. Одан кейін осындай есеппен Ауғанстан (25:0, 25:0, 25:0) мен Вьетнам (25:19, 25:20, 25:10) елінің спортшыларын тізе бүктірді. Бүгін олар Қытайдың «Тианжин Бриджстоун» клубымен күш сынасады. Ал келесі ойын ертең Жапония чемпионымен (Торэй Арроуэ) өтеді.