10:33, 28 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Азия чемпионатында қазақстандықтар 9-орын үшін Катар волейболшыларымен кездеседі
АЛМАТЫ. 28 қыркүйек.ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Тегеранда өтіп жатқан ерлер командалары арасындағы XVI Азия чемпионатында бүгін Қазақстан командасы 9-орын үшін Катар құрамасымен екінші рет кездеседі.

Жерлестеріміз кеше катарлықтарды 3:2 (20-25, 25-18, 25-15, 23-25, 15-7) есебімен ұтқан болатын. Алғашқы кезеңде өз тобында 3-орынды қанағат тұтқан олар екінші кезеңде Ауғанстан , Тайпей құрамасын 3:0 етіп жеңген еді. Ал жүлделі орындарды Қытай, Австралия, Иран және Оңтүстік Корея құрамалары өзара сарапқа салмақ. Жапония, Шри-Ланка, Пәкістан, Үндістан волейболшылары болса 5-8 орынға таласады.