Азия чемпионатында волейболдан қазақстандық қыздар құрамасы мықты сегіздіктің қатарында тұғырланды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Таиландтағы волейболдан ХVI Азия чемпионатының екінші ойын күнінде қазақстандық қыздар құрамасы Шри-Ланка құрамасын жеңді және 16 қатысушының ішінде мықты сегіздікте тұғырланды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Волейбол федерациясы.

Атап айтқанда, Ратчабури қаласында «С» тобындағы өкілдердің мачтары аясында «Қазақстан- Шри-Ланка» кездесуімен 2 қазанда чемпионаттың екінші күні өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Малайзия біріншілікке қатысудан бас тартқан еді.

Бүгін Қазақстан құрамасы бірінші топтық кезеңнің қорытынды ойынын  фаворит команда Оңтүстік Корея құрамасымен өткізеді. Осыдан кейін «С» тобындағы екі үздік команда «А» тобындағы көшбасшыларға қарсы бақ сынайды.

 Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасы (U-18, қыздар): Анастасия Ростовщикова (17.04.94, Қостанай), Ирина Чумак (26.01.94, Алматы),  (к) Ардақ Маратова (03.06.94, Алматы), Мөлдір Мұратова (02.05.94, Алматы), Ульяна Шаникова (03.07.94, Астана), Екатерина Сахарова (01.12.95, Өскемен), (л) Дана Абдрахманова (06.05.94, Алматы), Надежда Мячик (25.08.95, Алматы), Әлия Баткульдина (18.11.95, Өскемен), Евгения Серещева (12.07.94, Алматы), Полина Костива (13.11.95, Петропавл), Валерия   Чумак (20.09.94, Қостанай). Бас бапкер - Людмила Перевертова. 

Соңғы жаңалықтар