Азия чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық волейболшы қыздарды жапондықтар сүріндірді

АЛМАТЫ. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Волейболдан Таиланд еліндегі Накхонратчасимада өтіп жатқан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатында Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы жеңілістің ащы дәмін татты.

Азия чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық волейболшы қыздарды жапондықтар сүріндірді
Топтық сында қарсыласқа дес бермеген олар 1/8 финалдағы екінші ойында өткен жылғы құрлықтың біріншіліктің күміс жүлдегері саналатын Жапония спортшыларына 1:3 есебімен есе жіберді. Ал алғашқы ойында қазақстандықтарға 0:3 есебімен ойсырата ұтылған вьетнамдықтар жарыс қожайындарынан да дәл осындай есеппен жеңіліс тапты. 21 қыркүйекке дейін созылатын бұл байрақты бәсекеде енді ширек финалдық ойындар басталады. Онда қазақстандықтардың қарсыласы Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Тайбэй құрамаларының бірі болмақ.