Азия чемпионатында зілтемірші Фаина Сиванбаева қола жүлдені олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық зілтеміршілер Тайландтағы Азия чемпионатында тағы бір медаль олжалады. Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Фаина Сиванбаева құрамамызға бір қола жүлде әкелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

 Азия чемпионатында зілтемірші Фаина Сиванбаева қола жүлдені олжалады

Сиванбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 229 (104+125) келі көтерген. Бұл ретте жұлқа көтеруден кейін екінші орында келе жатты. Жарыста 240 (105+135) келі көтерген қытайлық спортшы Жу Веню жеңімпаз атанды. Екінші орында жалпы 233 (103+130) келі көтерген Таиланд ауыр атлеті Сирикаев Пимсири тұрақтады.