Азия даму банкі 2009 жылдың қорытындылары бойынша Қытай экономикасының өсуін 8,2 пайыз деңгейінде болжамдайды
БЕЙЖІҢ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Азия даму банкі 2009 жылдың қорытындылары бойынша Қытай экономикасының өсуін 8,2 пайыз деңгейінде болжамдайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РАТА-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Қытай экономикасының сауығу белгілерінің пайда болуына байланысты Азия даму банкі ҚХР-дағы ішкі жалпы өнімнің өсу қарқынына қатысты өзінің наурыздағы болжамын қайта қарады. Азия даму банкі Қытайдың 2009 жылғы экономикалық өсуін 7 пайыз құрайды деп мәлімдеген болатын.