Азия даму банкі Қазақстанға COVID-19 індетімен күреске көмек бермек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов конференц байланыс арқылы Азия даму банкі президенті Асакава Масацугомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия даму банкі Қазақстанға COVID-19 індетімен күреске көмек бермек

Аталған ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің Ұлттық банк өкілдері де қатысқан келіссөз барысында Азия даму банкінің Қазақстанға короновируспен (COVID-19) күреске өкпені жасанды желдету аппаратын, қорғану маскаларын жеткізу бойынша қайтарымсыз техникалық көмек көрсету мәселесі қарастырылған.

«Қазіргі уақытта Азия даму банкі жұмыспен қамту, басым салалардағы жұмыс күшін қайта оқытуды қолдау, сондай-ақ еліміздің шикізатқа тәуелділігін азайту және ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология мен электрондық сауда салаларын ілгерілету мақсатында экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік беретін қолдау жасау көрсетуді көздеп отыр»,- деді министрліктен.