Азия елдері қару сатып алудан әлем бойынша алда келеді

АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Азия әлемнің басқа құрлықтарын қару сатып алу жағынан шаң қаптырып келеді. Бұл деректерді әлемдік проблемаларды зерттейтін Стокгольм институтының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, РБК сайты жариялады.

Азия елдері қару сатып алудан әлем бойынша алда келеді

Жалпы алғанда, әлемде сатып алынатын барлық қару-жарақтың 44 пайызы Азия елдеріне тиесілі екен. Еуропа елдерінің үлесі 17 пайыз, Солтүстік және Оңтүстік Америка 11 пайыз, ал Африка 9 пайыз.

Бұрнағы жылдардағыдай, биыл да қару-жарақ импорттаудан алдына жан салмай келе жатқан - Үндістан. Одан кейін Оңтүстік Корея, Пәкістан, Қытай және Сингапур.

Үндістан тек соңғы 4 жылда Су-30 ұшақтарының 30-ын, ресейлік МиГ-29 ұшағының 16-сын, британдық Jaguar ұшқыр әскери ұшақтарының 20 данасын сатып алуға шарт жасасқан екен, дейді институт зерттеушілері.