Азия кубогінің алғашқы күнінде Қазақстан дзюдошылары 5 алтын медальді жеңіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандықтар алғашқы күні 5 алтын, 2 күміс және 7 қола медальді жеңіп алды.

Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин және Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рефери бас директоры Даниэль Ласкау қатысты.

«Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогін алтыншы рет өткізуге жиналып отырмыз. Жарысты осындай жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан Алматы қаласының әкімдігіне, еліміздің спорт және мәдениет министрлігіне өзімнің және федерация атынан алғыс айтамын. Бұл жарысты ұйымдастыруда Халықаралық дзюдо федерациясы мен Азия дзюдо одағының қолдауы ерекше болды. Турнирге қатысуға келген алыс-жақын шетелдік құрама командаларға да көп рахмет! Достығымыз жалғасын таба берсін! Азия кубогі жас дзюдошылардың жұлдызын жағып, жаңа өмірге жол ашады деп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік, жеңіс тілеймін!», - деді отандық федерацияның президенті Қуанышбек Есекеев.

Алматы татамиінде өтіп жатқан Азия кубогіне Грузия, Грекия, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстаннан 680 дзюдошы қатысып жатыр.

7 сәуірде жасөспірім-ұлдар 50, 55, 60, 66 және 73 келі, ал қыздар 40 кг, 44 кг, 48 кг, 52 кг және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Бірінші жарыс күнінің нәтижелері мынадай:

Қыздар:

-40 кг

1. Зере Өтепқали (Қазақстан),

2. Дильноза Хамитова (Өзбекстан),

3. Дильрух Хасанова (Өзбекстан),

3. Әсел Русланова (Қазақстан).

-44 кг

1. Лазиза Хайдарова (Өзбекстан),

2. Тамила Әлиханова (Қазақстан),

3. Іңкәр Құралбай (Қазақстан),

3. Темуген Енхтур (Моңғолия).

-48 кг

1. Анудари Джамсран (Моңғолия),

2. Зарина Джамалова (Өзбекстан),

3. Кира Хегай (Қазақстан),

3. Сабина Азаматова (Өзбекстан).

-52 кг

1. Райхона Маматова (Өзбекстан),

2. Ариунзайа Тербиш (Моңғолия),

3. Иродахон Комилова (Өзбекстан),

3. Аяулым Қалмырза (Қазақстан).

-57 кг

1. Әселхан Аралбаева (Өзбекстан),

2. Жанар Жолдошева (Қырғызстан),

3. Алина Молдокулова (Кыргызстан),

3. Дамеля Асылханова (Қазақстан).

Ұлдар:

-50 кг

1. Нұрбол Асқар (Қазақстан),

2. Абдулазизхон Шарафиддинов (Өзбекстан),

3. Арапбай Даураев (Өзбекстан),

3. Ерболат Сыздық (Қазақстан).

-55 кг

1. Нұрлан Исатаев (Қазақстан),

2. Мұхаммаджон Машарипов (Өзбекстан),

3. Лоиқ Кудбудинов (Тәжікстан),

3. Амирхон Низомаддинов (Өзбекстан).

60 кг

1. Джавохирбек Юсупов (Өзбекстан),

2. Алиджон Алиев (Өзбекстан),

3. Жалғас Күнесбаев (Қазақстан),

3. Ойбек Раджабов (Өзбекстан).

-73 кг

1. Еділ Ерболұлы (Қазақстан),

2. Нұрмұхаммед Мұратов (Қырғызстан),

3. Аминджон Абдуджалилзода (Тәжікстан),

3. Азамат Аблакулов (Өзбекстан).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтетінін жазған болатынбыз.
Фото - Қазақстан дзюдо федерациясы


Соңғы жаңалықтар