Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Азия кубогы: Голендов пен Сұлтанбеков жұбы ескек есуден топ жарды

САМАРҚАН. ҚазАқпарат  - Самарқан қаласында ескек есуден Азия кубогы жалғасуда. Кеше Илья Голендов пен Дәулет Сұлтанбеков жұбы екі адамдық байдаркада топ жарды (200 метр), деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Азия кубогы: Голендов пен Сұлтанбеков жұбы ескек есуден топ жарды

Olympic.kz сайтына сұхбат берген Голендов қысқа қашықтықта халықаралық сындарға алғаш қатысқанын айтады. 

«Жарыс бітуге таяу. Бүгін соңғы күн. Біз енді төрт адамдық байдаркада жеңіске жетуге тырысамыз. Шыны керек, демалыстан келген соң аздап қобалжыдым. Спорттық бабым да айтарлықтай емес еді. Сол себепті, бұл алтын мен үшін бағалы. 

Сондай-ақ, бұл менің қысқа қашықтықтағы алғашқы жарысым. Бастамасы жаман емес. Жас спортшылар да жақсы қарқын алып келеді. Бүгін елімізге тағы бір алтын сыйлаймыз деген үміттемін. Жеңіс үшін күресеміз», - деді Голендов.

Еске сала кетейік, Джакартадағы Азия ойындарында Илья Голендов екі алтын жеңіп алды.