Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Азия кубогы: Қазақстандық велошабандоз жеңімпаз болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Малайзияда маунтинбайктан Азия кубогының кезекті сериясы аяқталып, онда қазақстандық Кирилл Казанцев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Азия кубогы: Қазақстандық велошабандоз жеңімпаз болды

Олимпиадалық кросс-кантриден өткен жарыста қазақстандық спортшы мәреге бірінші болып келді. Казанцевтің уақыт көрсеткіші – 1:35.43. Екінші және үшінші орындарды жапон спортшылары иеленді.

Темірлан Мұхамедиянов пен Әділ Шәкіров тиісінше бесінші және алтыншы орынға табан тіреді.

Сондай-ақ, эстафетада қазақстандықтар мәреге бірінші болып келді. Эстафеталық сында Қазақстан намысын Кирилл Казанцев, Егор Карасев,Татьяна Богданова және Александр Дымовских қорғаған болатын.