Азия миллиардерлер саны бойынша әлемдік көшбасшы атанды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Азия доллар бойынша миллиардерлер санымен ірі аймақ атанды, құрлықтағы ең дәулетті адам Гогконгтан Ли Ка-Шин болып шықты, оның байлығы 32 миллард долларды құрайды, деп хабарлады Лента.ру қытайлық Hurun Report журналына сілтеме жасап.

Азия миллиардерлер саны бойынша әлемдік көшбасшы атанды

Басылымның ақпаратына қарағанда, Азияда 608 долларлық миллирдерлер тұрады, одан кейінгі орындарға - 440 миллиардермен Солтүстік Америка және 324 миллиардерлері бар Еуропа жайғасқан.

Елдер бойынша бай адамдардың саны жағынан АҚШ (409 миллиардер) бірінші орынға шықты, екінші орында - Қытай (317 адам), үшінші орында - Ресей (88 адам). Дәулетті адамдардың саны жағынан алғашқы ондыққа Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Швейцария, Бразилия, Тайвань, Франция және Түркия (Париж бен Анкара оныншы орынды бөлісті) кірді.