Азия миллионерлер саны жағынан Солтүстік Америкадан озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Шығыс Азия миллионер адамдардың саны жағынан Солтүстік Америкадан озды. Бұл туралы Capgemini консалтинг компаниясы мен RBC Wealth Management компаниясының ғаламшардың түрлі бөліктеріндегі адамдардың әл-ауқаты туралы құрастырған есебіндегі мәліметтер куәландырып отыр.

Азия миллионерлер саны жағынан Солтүстік Америкадан озды

Азия-тынық мұхиты аймағындағы миллионерлер саны 4,69 млн. адамды, ал Солтүстік Америкада - 4,68 млн. адамды құраған.

Зерттеу желтоқсан мен ақпан айлары кезеңінде өткізілді, сондықтан биылғы жылдың шілдесінде Қытай қор биржаларының құлауы оның қорытындыларына әсер еткен жоқ.

«Бірнеше айдан кейін біз оның Қытайдағы әл-ауқат өсіміне қалай әсер еткенін білетін боламыз», - деді Capgemini стратегиялық талдау тобының басшысы Дэвид Уилсон.

Оңтүстік Шығыс Азия Солтүстік Америкадан миллионерлер саны жағынан 2011 жылы да озған болатын.