Азия ойындары: 2 қазанда қазақстандық спортшылар қай спорт түрлерінен сынға түседі
АСТАНА. KAZINFORM — Туризм және спорт министрлігі 2 қазан күні өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынды.
2 қазан күні Аичи–Нагоя 2026 Азия ойындарында қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен жарысқа қатысады.
Сағат 05:00-де таэквондошы Рита Бақшиева виртуалды таэквондодан сынға түседі. Бұл бәсекеде 1/8 финалдан бастап, ширек финал, жартылай финал және финалдық кезеңдер өтеді.
05:40-та джиу-джитсудан Сейілхан Болатбек пен Алан Мадаев 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде іріктеу кезеңінде белдеседі. Сондай-ақ жартылай финалдық кездесулер жоспарланған.
05:50-де регби-7 спортынан Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі. Бұл — топтық кезеңдегі ойын.
06:00-де велотректен Рината Сұлтанова әйелдер арасындағы омниум бәсекесінде скретч және темпо дисциплиналарында жарысады. Осы уақытта Андрей Чугай мен Кирилл Курдин ерлер арасындағы кейрин сайысының алғашқы кезеңіне қатысады.
06:30-да еркін күрестен Начын Кунар, Азамат Дәулетбеков және Ерғали Қасымбек 65, 86 және 125 келі салмақ дәрежелерінде белдеседі. Бұл уақытта іріктеу және жартылай финалдық кездесулер өтеді.
Әйелдер күресінен Зейнеп Баян мен Эльмира Сыздықова 50 және 76 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде іріктеу кезеңі мен жартылай финалдық белдесулерге қатысады.
Сағат 06:30-да желкенді спорттан Илья Иванов, Таисия Ильина, Владимир Шанкин, Еркебұлан Сардарбеков, Тұрсынай Әшірбай және Яна Белозерова Dinghy санатындағы жарыстарға қатысады. Бәсеке жасөспірімдер, қыздар, ерлер, аралас және әйелдер санаттарын қамтиды.
07:00-де слаломда ескек есуден Екатерина Таранцева мен Анастасия Ананьева әйелдер арасындағы W1 санатында іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Осы уақытта дзюдодан Екатерина Токарева (78 келі), Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары), Айдар Арапов (90 келі), Марат Байқамұров (100 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) татамиге шығады. Спортшылар іріктеу кезеңінде белдесіп, қола жүлде үшін де жарысады.
Сағат 07:30-да регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапур командасымен топтық кезең аясында кездеседі. Сонымен қатар слаломда ескек есуден Александр Коробов пен Владислав Рябко ерлер арасындағы M1 санатында іріктеу кезеңіне қатысады.
09:30-да таэквондодан Темірлан Тінеус 58 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда өнер көрсетеді. Батырхан Төлеген 80 келіге дейінгі салмақта ширек финалда, ал Рита Бақшиева 49 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда бақ сынайды.
Ертең сондай-ақ қазақстандық спортшылар келесідей спорт түрлерінен жарыс жолына шығады.
Сағат 09:30-да слаломда ескек есуден әйелдер арасындағы WX1 санатында ширек финалдық жарыстар басталады. 09:46-да MX1 санатында ширек финал өтеді.
09:35-те регби-7 спортынан 9–12-орындар үшін матчтар жоспарланған.
10:00-де бокстан 70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З. Ишашпен финалда кездеседі.
Осы уақытта брейкингтен Айзара Жұмабекова мен Саяра Әбілбекова G-girls санатында іріктеу кезеңіне қатысады.
10:14-те слаломда ескек есуден WX1 санатындағы жартылай финал, ал 10:22-де MX1 санатындағы жартылай финал өтеді.
10:25-те регби-7 спортынан ширек финалдық ойындар басталады.
10:30-да джиу-джитсудан қола медаль үшін белдесу өтеді. Сондай-ақ осы уақытта теннистен Юлия Путинцева мен Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында жартылай финалға қатысады.
Айта кетейік, Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды.