Азия ойындары: Байдаркада ескек есуден Қазақстан ерлер командасы төртінші орын алды
АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарының финалы басталды.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше байдаркада 500 метрге ескек есуден Қазақстан ерлер командасы А финалында 4-орынға табан тіреді.
Осылайша, Жахонгир Жамедов, Артем Терещенко, Игорь Рященцев пен Денис Кленин квартеті жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады.
Бұл бағдарламада Оңтүстік Корея құрамасы мәреге бірінші жетті. Одан кейінгі сатыға Қытай мен Жапония көтерілді.
Айта кетелік Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде еншілеген еді.