Азия ойындары: Данилина мен Путинцева жартылай финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева жұптық сында Азия ойындарының жартылай финалына шықты.

Путинцева - Данилина
Фото: Kazinform

Қазақстандық жұп ширек финалда қытайлықтар Цзян Синьюй – Ян Чжаосюаньмен кездесуі керек еді.

Қытайлық дуэт матчқа шықпай қалды да, Анна мен Юлия жартылай финалға ойнамастан жолдама алды.

Анна Данилина – Юлия Путинцева финалға шығу үшін Қытайлық Тайбэй өкілдері Се Шувэй – Лян Эньшомен таласады.

Ю.Путинцева бұған дейін жекелей сында қола медальға ие болған еді. Енді жұптық сында да А.Данилинамен бірге кемінде қола жүлдеге қол жеткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Азия ойындарының жартылай финалында ойнайтынын жазған едік.