Азия ойындары: финалға қай елден қанша боксшы өткені белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалдық жекпе-жектері мәресіне жетті. 

Сабырхан
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Осы орайда ҚР Бокс федерациясы финалға өткен мемлекеттердің көрсеткішін ұсынды:

Қытай - 4

Өзбекстан - 3

Үндістан - 3

Қазақстан - 2

Оңтүстік Корея - 2

Тайпей -2

Жапония - 1

Иордания - 1

Филиппин - 1

Вьетнам - 1

Солтүстік Корея - 1

Таиланд - 1

Финалдық жекпе-жектер 2 қазанға жоспарланған.

Айта кетейік, әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан 1/2 финалда Шавкатжан Болтаевпен (Өзбекстан) кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша, боксшы финалға жолдама алды.