Азия ойындары: Қазақстан стенд атудан «қола» алды

стенд ату
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті. ҚазАқпарат бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Стенд атудың «скит» бағдарламасында отандасымыз Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді. Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті.

Тағы бір Ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).

Еске салайық, бүгін Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алған болатын. Кейін жеке сында тағы екі отандасымыз – Әсем Орынбай мен Ольга Панарина ақтық кезеңге өтті.

Стенд атудан ұлттық команданың бас бапкері Сергей Колос спортшыларымызда Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік бар екенін айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар