Азия ойындары: Олжас Алтынбек алғашқы жекпе-жекте жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — XX жазғы Азия ойындарында каратэден 2-жарыс күні басталды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше ерлер арасындағы кумите бағдарламасында Олжас Алтынбек (-67 кг) алғашқы жекпе-жегінде Камбоджа спортшысы Виракбаут Чрунның осал тұсын тапты. Есеп: 3-2.
Енді отандастарымыз ширек финалда Иордания өкілі Рахман Әбдел Әлмасатфамен күш сынасады.
Олжас биыл жазда Индонезияда өткен Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан. Ол үшін бұл алғашқы Азия ойындары.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Айта кетелік Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алған еді.