Азия ойындарында Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырхан жарысты жалғастырады
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы Азия ойындарында бүгін, 26 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шықты.
Бұл күні Виктория Графеева, Нұрбек Оралбай, Махмұд Сабырхан ел намысын қорғады. Нұрбек пен Махмұд жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, Виктория құрлықтық бәәсекені ерте аяқтады.
Алдымен 60 келіде Виктория Графеева Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде Виктория Тайпей боксшысы Линь Юй-Тинге (3:2) есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Одан кейін ерлер арасында 55 келіде Махмұд Сабырхан ирандық Мехди Каземиді 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Ал 90 келіде Нұрбек Оралбай ауғанстандық Силаб Нуриді 5:0 есебімен қапы қалдырды.
Құрлықтық бәсекеге еліміздің ерлер құрамасында 6, әйелдерде 5 боксшы аттанған еді. Олардың қатарында ерлерде Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.
Ал әйелдерде тізімге Алуа Балқыбекова (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Наталья Богданова (75 келі) енгізілген еді.
Қазірге дейін Төрехан Сабырхан Азия ойындарында қатарлық Мұхаммед Дбичиді 5:0 есебімен қапы қалдырса, Алуа Балқыбекова үндістандық Сакши Чаудхариді 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Ким Мин Сёнгқа (Оңтүстік Корея) 2:3 есебімен жол берсе, одан кейін 1/8 финалда Назым Қызайбай (54 келі) қытайлық Ксуа Жао, Оразбек Асылқұлов (60 келі) Оңтүстік Корея өкілі Донгхван Жангқа есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.