Азия ойындары Қазақстанның әлемдік маңызы бар шараларды жоғары деңгейде өткізе алатынын көрсетті - С.Иманғалиева, БҚО

ОРАЛ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Астана мен Алматыда мәреге жеткен жетінші қысқы Азия ойындары Қазақстанның әлемдік маңызы бар шараларды жоғары деңгейде өткізе алатынын көрсетті.
None
None

Бұл туралы Орал қалалық білім беру ардагерлері кеңесінің төрайымы Софья Иманғалиева мәлім етті. Ол ері, өңірге танымал еңбек ардагері Дәржан Тілешұлы екеуі облыс делегациясы құрамында Астанада Азия ойындарының ашылуына қатысқан.

«Біз Азия ойындарының тамаша ұйымдастырылғанын көзімізбен көрдік. Осындай ғажайыпты көріп тұрып, кеудемізді мақтаныш сезімі кернеді. Бұл жарыс Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен Қазақстанның тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде қалайша жаңарып, түлегенін бүкіл әлемге танытты. Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті, қысқы Азия ойындары әрбір қазақстандықтың көңілін көкке көтерген тарихи оқиғаға айналды. Елбасымыз Қазақстанның болашақта қысқы олимпиадалық ойындарды да ойдағыдай өткізе алатынын атап көрсетті. Енді бұған бәріміз де үлес қоса білуіміз керек. Спортпен жастайымнан айналысқан адам ретінде айтарым, әркім өз денесін шынықтыруға көңіл бөлуі тиіс. Сондай-ақ желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасынан дарындыларын тауып, спорт түрлеріне баулу ісін ерте бастан, әр қалада, ауыл-аймақта қолға алу қажет», - деді ардагер.

Соңғы жаңалықтар