Азия ойындарына бірыңғай формасыз аттанған баскетболшыларымыз наздарын білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8-20 тамыз аралығында Ливанның Бейрут қаласында баскетболдан Азия чемпионаты өтеді. Оған Қазақстанның ұлттық құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Sports.kz .

Азия ойындарына бірыңғай формасыз аттанған баскетболшыларымыз наздарын білдірді

Алайда, жарыс басталмай жатып, қазақстандық баскетболшылар келеңсіз жағдайға тап болып отыр. Құраманың ойыншылары Александр Жигулин мен Василий Савченко Инстаграмға видео жүктеп, онда команданың халықаралық бәйгеге бірыңғай формасыз келгендерін айтты.

«Біз баскетболдан 2017 жылғы Азия чемпионатының ашылу кешіндеміз. Бұл FIBA-ның ресми жарыстары. Байқап отырғандарыңыздай, мұнда барлық он алты-қатысушы команда бар және олардың барлығы киім-кешекпен қамтамасыз етілген, қай елдің намысын қорғап отырғандарын бірден көруге болады. Оларға өз елдері үшін ұятты емес. Тіпті, қазір соғыс жүріп жатқан Сирияның өз формасы бар», - дейді Жигулин.

«Осыған дейін бірыңғай формаға, қай елдің атынан шығып отырғаныңды білдіретін киім-кешекке қатысты проблема болған емес. Бүгін әрқайсымыз өзіміздің туристік киімімізде отырмыз...Барлығы таянып, қай жақтан келгенімізді сұрауда», - деп жазды Савченко.

Sports.kz-тің атап өтуінше, ақпарат жарияланып жатқан сәтте баскетболшылардың аккаунттарынан бейнежазбалар алынып тасталды.

Турнирдің өзіне келер болсақ, алдын ала кезеңде «С» тобында Қазақстанға қарсы Ливан, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландияның құрамалары ойнайтын болады. Ақтық кезеңде әр топта екінші және үшінші орындарды иеленген командалар ширек финалға және одан арғы кезеңдерге өту үшін таласатын болады. Бұл ретте, әрбір топтың жеңімпаздары жарыстың финалдық кезеңіне автоматты түрде өтіп отырады.

Қазақстан құрамасының Азия чемпионаттарында көрсеткен ең үздік нәтижесі 2007 жылы болды. Онда спортшыларымыз төртінші орын алған еді.