Азия ойындарынан кейін Оралдың «Ақжайығы» Ресей біріншілігіндегі ойындарын жалғастырады

ОРАЛ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Астана мен Алматыда өтіп жатқан қысқы Азия ойындарынан кейін допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» Ресей чемпионаты бірінші лигасындағы ойындарын жалғастырады.

Азия ойындарынан кейін Оралдың «Ақжайығы» Ресей біріншілігіндегі ойындарын жалғастырады

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алексей Никишовтың шәкірттері бірінші топтың «А» және «Б» тобында үздік шыққан алты команданың қатарына қосылған болатын. Бұл топтың қазіргі турнир кестесінде Саратовтың «Универсалы» 19 ұпаймен көш бастаса, Мончегорскінің «Кольская ГМК» командасы 18 ұпаймен екінші, 12 ұпай жинаған «Ақжайық» үшінші орында тұр. Сондай-ақ бұл сындарға «Мурман» (Мурманск, 12 ұпай), «Вымпел» (Королев, 6 ұпай), «Черемшан» (Димитровград, 4 ұпай) командалары қатысады.

Бүгін «Универсал» мен «Кольская ГМК» командалары өзара кездеседі.