Азия ойындарының алғашқы кезеңінде волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Мальдивы құрамасын ойсырата ұтты

АЛМАТЫ. 19 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы XVI Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы жарыстың алғашқы кезеңін қазақстандықтар сәтті бастады.

Азия ойындарының алғашқы кезеңінде волейболдан Қазақстанның әйелдер  құрамасы  Мальдивы құрамасын ойсырата ұтты

"В" тобында өнер көрсетіп жатқан Нелли Щербакова жаттықтыратын ұлттық құрама кеше Мальдивыдан келген құрдастарын 3:0 (25-7; 25-6; 25-3) есебімен ойсырата ұтты. Олар екінші ойынын бүгін енді Тайпей спортшыларымен өткізеді. Тайпейліктер кеше жапондықтарға (25-19; 17-25; 26-24; 17-25; 15-17) есе жіберген болатын. Ал мальдивылық волейболшылар енді кеше бір күндік үзіліс алған Үндістан құрамасымен кездеседі. Жалпы Азия ойындарының алғашқы кезеңі 22 қараша күні аяқталады. Бұл сыннан кейін 23-27 күндері негізгі сайыстарда командалар жүлделі орындарды сарапқа салатын болады.