08:30, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын Нұрлан Мырзабаев алып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын таэквондошы Нұрлан Мырзабаев алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сонымен қатар делегацияны Спорт комитетінің басшысы Елсияр Қанағатов бастап жүрді.
Аталған доданың ресми ашылу салтанаты 45 мың адамға арналған орталық стадионда өтті. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы барып қатысты.
Сондай-ақ, Елбасы қазақстандық спортшылармен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.
Жалпы, Ашхабад қаласында жабық кешендегі Азия ойындарында Қазақстан намысын 16 спорт түрі бойынша 181 спортшы қорғайды.