Азия Пара ойындары: Қазақстан үстел теннисінен екі қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында тағы екі медаль еншіледі, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Пара үстел теннисінен сынға түскен отандастарымыз Ардақ Нұрмағамбетов пен Али Махулбеков жеңіс тұғырына көтерілді.
Ардақ Нұрмағамбетов 1 санаттағы А тобында айналмалы жүйе бойынша төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетті. Осылайша жарыс қорытындысы бойынша қола алды.
Сондай-ақ Али Махулбеков 8 санатта сынға түсіп, жартылай финалға дейін жетті. 1/2 финалда жерлесіміз Чжао Шуайға 3:0 есебімен жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Осыған дейін Қазақстан қоржынында қанша медаль бар екенін жазған едік.