Азия пара ойындары: пауэрлифтер Гүлім Құрманбаева қола жүлде алды

Қытайдың Хуанчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан атынан пауэрлифингтен 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Гүлім Құрманбаева қола медаль иегері атанды.

Құрманбаева
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бұл туралы Kazinform агенттігі ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.