Азия Пара ойындары: Жетінші алтынды Диас Кенжебек еншіледі

Спорт
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Kazinform.

 Ол 100 метр қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

«Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік-осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады!» - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Соңғы жаңалықтар