«Азия» тобының əншісі Ренат Баситов қызды болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азия» тобының əншісі Ренат Баситов қызды болды. Әнші бұл жаңалығын Инстаграмм желісіндегі оқырмандарына сүйінші сұрап жариялаған.
«Аллаға шүкір, баршаңызға жұғысты болсын!» деп жазған әнші жеке парақшасына.
Бұл - отбасының екінші бөбегі. Тұңғыштары Ерасыл бүгінде Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде білім алуда.
Сондай-ақ, «Азия» тобының мүшесі Ербол Шəріпов сəбидің өкіл əкесі болды, деп жазады baistars.kz.