«Азия тур» аясында 2016 жылы Қазақстанда бес веложарыс өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2016 жылға арналған веложарыстар тізімін жариялады.

«Азия тур» аясында 2016 жылы Қазақстанда бес веложарыс өтеді

2016 жылғы велосипед маусымында Қазақстанда «Азия тур» (Asia Tour) жарысының күнтізбесіне енген бес веложарыс өтеді, деп хабарлайды sports.kz.

Атап айтқанда: 25.08.2016 - «Өскемен туры» (Tour of Oskemen), 1.2; 29.08.2016 - «Бурабай туры» (Tour of Burabay), 1.2; 12.09.2016 - «Байқоңыр туры» (Tour of Baikonyr), 1.2; 01.10.2016 - «Қапшағай туры» (Tour of Kapshagay), 1.1; 02.10.2016 - «Алматы туры» (Tour of Almaty), 1.1.

«Азия турдың» 1.1 санаттағы веложарыстарында - «Қапшағай туры» мен «Алматы туры» жарыстарында Әлемдік тур (WorldTeams) командалары қатыса алады, бірақ олардың саны жалпы қатысушылар, кәсіби құрлықтық командалар, құрлықтық командалар мен ұлттық құрамалар санынан 50%-дан артық аспауы тиіс.

«Азия турдың» 1.2 санаттағы веложарыстарында - «Өскемен туры», «Бурабай туры», «Байқоңыр туры» жарыстарына кәсіби құрлықтық командалар, құрлықтық командалар мен ұлттық құрамалар, аймақтық командалар мен клубтардың велошабандоздары қатыса алады.