Азия-Тынық мұхит аймағы әлемдік экономикалық өсімнің ең жоғары қарқынымен ерекшеленіп отыр - БҰҰ-ның экономикалық мәселелер жөніндегі арнайы қызметкері

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Азия-Тынық мұхиты аймағы әлемдік дағдарыстың нағыз қызған кезеңінде де экономикалық өсімнің ең жоғары қарқынымен ерекшеленді.
None
None

Бұл бүгін Алматыда "Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу: 2010 жыл" деп аталатын Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық және әлеуметтік кеңес (АТМЭӘК) жарияланымының таныстырылымында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҰҰ-ның ерекше мұқтаждығы жөніндегі арнайы бөлімінің экономикалық мәселелер жөніндегі қызметкері Эльвира Мыңбаеваның айтуынша, бүгін Бангкокте жарияланған БҰҰ баяндамасында әлеуметтік қажеттіліктерге арналған шығындарды арттыру жөнінде Азия-Тынық мұхит аймағындағы мемлекеттердің үкіметтеріне үндеу ұсынылған. Ол белсенді экономикалық жандануды қосымша ынталандырып, ұзақ мерзімді болашақта әділдік және тепе-теңдік негізінде экономиканың қалыпқа келуіне ықпал етуге бағытталып отыр. АТМЭӘК-нің жыл сайынғы жарияланымы, әлемдік тұрғындардың 62 пайызын құрайтын Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттерінің үкіметтеріне арналған ашық дамуды алға тартудың ерекше "жол картасы".

"Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық және әлеуметтік кеңеске 62 ел мүше. Қазақстан оған 1993 жылы кірді. АТМЭӘК жыл сайынғы жарияланымы соңғы 62 жылдан бері жасалып келе жатыр. Бүгін оның таныстырылымы Азия-Тынық мұхит аймағының 20-дан астам қаласында және Нью-Йорк, Вена, Женевада өтіп жатыр", дейді Эльвира Мыңбаева.

Соңғы жаңалықтар