Азия-Тынық мұхит аймағында тұрақты даму болашақта әлемдік экономикалық өсім мен тұрақтылықты ынталандырады
Бұл бүгін Алматыда "Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу: 2010 жыл" деп аталатын Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық және әлеуметтік кеңес (АТМЭӘК) жарияланымының таныстырылымында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Дағдарыс Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің барлығы үшін барынша әділ, ашық және орнықты даму сипатын қамтамасыз ету мақсатында макроэкономикалық жаңғыруға қайта бағытталуға мүмкіндік ашты. Бірқатар тепе-теңдікті жою аймаққа барынша жоғары деңгейде, өзінің жеке дамуына және аймақ ішінде экономикалық дамудың жаңа көздерін құруға жағдай жасайды. Азия-Тынық мұхит аймағындағы тұрақты даму болашақта әлемдік экономикалық өсім мен тұрақтылықты ынталаныдрады", дейді БҰҰ-ның ерекше мұқтаждықтары жөніндегі арнайы бөлімінің экономикалық мәселелер жөніндегі қызметкері Эльвира Мыңбаева. Оның айтуынша, бұл шолуда дағдарыстың нағыз қызған кезінде Азия-Тынық мұхит аймағы әлемдегі экономикалық өсімнің ең жоғарғы қарқынымен ерекшеленгені атап өтілген. Бұл өсім аймақтағы экономикасы барынша дамыған мемлекеттерде қабылданған бюджеттік-салықтық шаралар арқылы сақталған болатын.