Азиядағы ең ұзын үңгір 238 шақырымды құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы Шуанхэ үңгірі Азиядағы ең ұзын үңгір болып танылды, деп жазады Синьхуа.

Азиядағы ең ұзын үңгір 238 шақырымды құрайды

Шуанхэ үңгірі ұзындығы бойынша әлемде алтыншы орынды алады. Бұл туралы сенбі күні зерттеушілер баспасөз мәслихатында хабарлады.

Соңғы өлшеуге сәйкес, Цзуньи  қаласы Суйян  уезі Вэньцюань кентінің аумағында орналасқан Шуанхэ үңгірінің ұзындығы 238,48 шақырымды құрайды. Ол Азиядағы ең ұзын үңгір саналған Малайзиядағы Гуа-Эир-Джерних (Clearwater) үңгірін басып озды.
null 

Айта кетейік, Шуанхэ үңгірі 1980 жылдардың соңында табылған. Содан бері бұл жерде 19 ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. 
null