Азияданы өткізу Қазақстанның Азиядағы бейбітшілік пен достықты нығайтудағы жаңа қадамы болып табылады - ҚХА

АНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат. 6 ақпан күні Алматы қаласында тек Қазақстан үшін ғана емес барша Азия континенті және әлемдік Олимпиядалық қозғалыс үшін сөзсіз ерекше оқиға болған VII қысқы Азиялық ойындардың жабылу салтанаты болды.
None
None

Алғаш рет Азиядада 11 спорт түрінен ойынға 69 жиынтық награда тігілді. Жүлде бөлісуге қатарында әлем чемпионаттары мен Олимпияда ойындары жүлдегерлері бар Азияның 27 мемлекетінің 1000-ға жуық спортшылары қатысты. Азия ойындар барысында континентте қойылған 10 рекорд жаңарды.

VII қысқы Азия ойындары күндері әлемдік ақпарат ағынының назарын өзіне қарай бұрды. Әлемнің 500 млн. тұрғыны жарыстарды жіті бақылап, 20-дан астам әлемдік телеарналар, 17 елдің 2 мыңнан астам тілшілері спорттағы арпалысты жаһанға таратты.

Қазақстан құрамасы 70 медаль, оның ішінде 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медалдарды жеңіп алып, қысқы Азия ойындарының тарихында жаңа рекордты бекітті. Бұл біздің спортшыларымыздың әлемдік деңгейдегі белестерді бағындыруға дайын екенін көрсететін керемет жетістік.

Қазақстандық спортшылардың жеңісі Мемлекет басшысының еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға қамқорлығының айқын көрінісі. Азиядаға дайындық барысында бүгінде елдің игілігіне айналған әлемдік деңгейдегі ондаған спорт кешендері салынып, күрделі жөндеуден өтті, олардың кейбірі әлемде теңдесі жоқ құрылыс жобалары болып табылады.

VII Азияда Қазақстанның беделін әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан яғни, тек бейбітшілік пен келісімнің, сенімді экономикалық даму мен халықаралық әріптес ретінде ғана емес, спорт державасы ретінде танытты.

Азияданы өткізу Қазақстанның Азиядағы бейбітшілік пен достықты нығайтудағы жаңа қадамы болып табылады.

VII қысқы Азия ойындарындағы жетістігіміз бұл - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының, ауызбіршілігі мол Қазақстан халқының жетістігі, еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына үлкен сый.

Қазақстан халқы Ассамблеясы барша халықты біздің ұлттық құрамамыздың айбынды жеңісімен құттықтайды!

Жалпы командалық есепте біздің құрамамыздың алға шығуы рухтың күшін, жеңіске деген жігерді, отансүйгіштік пен біздің халқымыздың бірлігін тағы да айқын дәлелдеп берді. Біздің жеңісіміз Ерлік пен Жігердің және Тұтастықтың, Тәуелсіздік пен Бірліктің үлгісі.

Осы айтулы күндер бойы ұлттық құрамның спортшылары біздің ұлттық мақтанышымыз үшін, ел намысы үшін күресті және жеңіске жетті!

Бұл жеңіс Қазақстанның әлемдік саясат немесе спорт саласындағы кез келген халықаралық шараны лайықты деңгейде іске асыра алатынына сенімді нығайтып әрбір азаматтың жүрегіне өз еліне деген мақтаныш сезімін толтырады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы осы жеңіс барша халықты Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен әл-ауқатты, гүлденген Қазақстанды құру жолында тағы бір біріктіруші фактор болатынына сенімді!

Соңғы жаңалықтар