15:16, 02 Маусым 2014 | GMT +5
Азиялық көшпенділердің ең көне шалбары табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар Қытайда әлемдегі ең көне шалбар тапты. Оның жасы шамамен 3,4 мың жылды құрайды, деп хабарлады ScienceNews.
Жәдігер Қытайдың батыс өлкесіндегі Тарым ойысында орналасқан зираттан табылды.
Зерттеушілердің пайымынша, табылған зат азиялық көшпенділердің біріне тиесілі.
Сонымен қатар, археологтар табылған шалбар әлемдегі ең көне екеніне сенімді. Алайда оның құндылығы - салт атты жүру үшін көшпенділер шалбарды ойлап тапқандығында. Шалбар жүн матасынан жасалып, ою-өрнектермен безендірілген.