Азияның ең бай адамы АҚШ-та кинотеатрлардың ірі желісінің иесі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі Nasdaq биржасында Carmike Cinemas киножелісі акцияларының құны дүйсенбі күні оның қытайлық магнат Ван Цзяньлиньнің иелігіндегі AMC Entertainment атты басқа желісінің иелігіне өтіп жатқаны туралы белгілі болған соң 16,5 пайызға жуық өсті.
Қытайлық Dalian Wanda конгломераты Carmike Cinemas-ты 1,1 миллиард долларға сатып алған.
AMC Entertainment компаниясы АҚШ-тың бүкіл аумағында 8380 экранға ие, екінші орында тұрған Regal Entertainment-тың иелігінде 7361 экран бар.
Ван Цзяньлинь Азияда екінші жыл қатарынан ең дәулетті адам ретінде аталып отыр. Forbes оның байлығын 28 миллиард долларға бағалауда. Ол сондай-ақ «Атлетико» (Мадрид) футбол клубының 20 пайызына ие, деп жазады Би-би-си.