Азияның Олимпиадалық кеңесінің төрағасы Ахмад әл-Сабах Азиаданы тамаша ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азияның Олимпиадалық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабахпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.

Азияның   Олимпиадалық  кеңесінің  төрағасы Ахмад әл-Сабах  Азиаданы тамаша  ұйымдастырғаны  үшін Қазақстан  Президентіне алғыс білдірді

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ 7-Қысқы Азиялық ойындардың өткізілуін талқылады. Әл-Сабах мырза Азиаданы тамаша ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

- Қазақстан Президентін Азияның барлық спорттық ұйымдары мен қозғалыстарының атынан ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтадым», - деп атап көрсетті шейх әл-Сабах журналистерге берген брифингте.