Азов теңізіндегі қайғылы оқиғаға байланысты Д.Медведев РФ Бас прокурорына Кубаньдағы балалардың демалыс лагерлерінің барлығын тексеруді тапсырды

Азов теңізіне батқан балаларды құтқаруға ұмтылып, мерт болған Кубаньдағы тәрбиешінің есімі белгілі болды, деп хабарлайды РБК.
Ресей ТЖМ мәліметі бойынша, Краснодардағы қайғылы оқиға салдарынан қаза болған №1065-ші «Денсаулық мектебінің» 27 жасар мұғалімі Виталий Морозов «Жыл ұстазы» байқауының лауреаты, «Педагогикалық дебют» аталымының жеңімпазы болған.
В.Морозов дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып істеген оқу мекемесі Ресей білім беру ұлттық жобасының инновациялық білім беру мекемесі байқауының жеңімпазы. Сонымен қатар, № 1065 мектеп 2006 жылы РФ Президентінің сыйлығын ұтып алған. Білім беру мекемесі бірнеше қайтара «Жыл табысы» сыйлығымен де марапатталған.
Кубаньдағы опат болған балалардың сыныптастарына және В.Морозовтың әріптестеріне қайғылы оқиғаға байланысты көмек көрсету үшін психологтар жіберілді.