Азу тістің жоқтығы есте сақтау қабілетін нашарлатады
АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Швециялық және норвегиялық ғалымдар табиғи азу тістердің саны мен адамның когнитивті функциясы арасында байланыс барын анықтады.
Ауызда тістердің азаюы есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді екен.
Бұл туралы European Journal of Oral Sciences ғылыми басылымына сілтеме жасаған Medportal.ru порталы хабарлайды. Швецияның Стокгольм және Umea университеттері мен Норвегияның Тромсе қаласындағы Клиникалық стоматология институтының мамандары 55-80 жас шамасындағы 273 адамның денсаулығын тексерген. Бұлардың тең жартысы - әйелдер. Орташа есеппен, респонденттердің аузында 22 табиғи тіс болмаған. Түсіп қалған тістердің 70%-ы - азу. Зерттеуге қатысқан адамдардың ақыл-ой мүмкіндіктері де сыналды. Соның нәтижесінде азу тісі жоқ адамдардың есте сақтау қабілеттерінде шабандық байқалды. Ғалымдардың айтуынша, адам тамақты шайнағанда мидың гиппокамп аталатын бөлігіне ынталандырғыш импульс барады. Ал азу тісі жоқ адамдарда бұл қызмет баяулайды. Қариялардың есте сақтау қабілетінің нашарлауы содан екен, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.