Азық-түлік бағасы Астана мен Шымкентте қатты өскен
Energyprom.kz порталының мәліметінше, бір айда елорда мен Шымкентте 2,2 пайыз деңгейіндегі елеулі өсім байқалды. Сонымен қатар бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында да тіркелді.
Жылдық көрсеткіш бойынша ең жоғары өсім Маңғыстау облысында болды, яғни азық-түлік тауарлары 31,5 пайызға қымбаттады. Мұнымен қоса, осы үштікке Түркістан облысы (плюс 27,4%) және Шымкент қаласы (плюс 27,2%) кірді.
Жемістер мен көкөніс жылдық динамикада 21,2%-ға қымбаттады. Сүт өнімдерінің бағасы бір айда 1,2 пайызға, ал бір жылда 32,4 пайызға көтерілді.
Ет және ет өнімдері бір айда 0,5 пайызға, жыл ішінде 16,9 пайызға қымбаттады. Атап айтқанда, ұн бағасы бір жылда 42,8 пайызға, нан - 19,2 пайызға, макарон өнімдері – 42,3 пайызға, жарма 35,1 пайызға өсті.