Азық-түлік гипермаркеттердің жұмысы штаттық режимге көшті - Жанна Пірәлиева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева азық-түлік сататын гипермаркеттер мен супермаркеттердің жұмысы штаттық режимге көшірілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азық-түлік гипермаркеттердің жұмысы штаттық режимге көшті - Жанна Пірәлиева

Атап айтқанда, елордада сауда ауданы 2 мың шаршы метрден асатын гипермаркеттер мен супермаркеттерді қалыпты жұмыс кестесіне көшуге рұқсат етілді. Бұл тұрғыда келушілер саны 30 пайыздан аспауы керек.

Жер-жерлерде нясындардың басшылары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жұмысты ұйымдастырады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорданың бас санитарлық дәрігері қоғамдық көлік жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді.