Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидат Валентин Хаданович «Азимут» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кез келген мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі – ұлт қауіпсіздігінің ажырамас бөлігі. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту негізгі әлеуметтік-экономикалық міндет болып табылады.
Кездесу барысында Валентин Хаданович негізгі бастама – мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігі Заңын немесе тұжырымдамасын әзірлеу туралы ұсыныстарын айтты.
